Қызылордада тергеу изоляторына әкелінген палаудан телефон табылды

Главные вкладки

окт 27, 2020 / 0 комментарии

Қызылордада тергеу изоляторында қамауда отырған А есімді азаматқа  танысының алып келген сәлем-сауқатын тексерген мекеме қызметкерлері палауға жасырылған тыйым салынған затты тауып тәркіледі.

Танысы Samsung маркалы телефон, «Beeline», «Activ» сим картасы мен 2 дана қуаттағыш құрылғысын фольга кағазына орап, тамақ ішіне жасырып өткізбек болған.

Қазіргі таңда аталған факті бойынша  ҚР ӘҚБтК-нің 481 бабына сәйкес іс –құжаттары процессуалдық шешім қабылдау үшін Қызылорда қалалық әкімшілік сотына жолданды.