"Қызыл" аймаққа енген өңірлер қарасы көбейді

Главные вкладки

дек 28, 2020 / 0 комментарии

Жаңартылған мәліметке сәйкес, елімізде коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймаққа төрт облыс жатқызылды.

28 желтоқсандағы Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, Атырау, Ақмола, Павлодар және Қостанай облыстары "қызыл" аймаққа орныққан.

Айта кетсек, өткен аптада "қызыл" аймақта тек бір облыс ғана тұрған еді.

Ал "сары" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Солтүстік Қазақстан облысы орналасқан.

Ал қалған барлық басқа облыстар "жасыл" аймақта болып саналады.