Қыз үшін жанжалдасқан жігіттер оқ атты

Главные вкладки

янв 24, 2021 / 0 комментарии

Әлеуметтік желіде Нұр-Сұлтан көшелерінде болған түнгі атыс туралы ақпарат тарады. Куәгерлердің сөзінше, жараланғандар да бар. Оқиғаға қатысты елордалық полиция департаменті пікір білдірді деп жазады Kaskelenkz тілшісі.
"Бірінен кейін бірі оқ атылды. Терезеге жүгіріп барсам, жаппай төбелес болып жатыр. Қансыраған жаралылар жатыр. Бір топ адам Сембинов көшесіне қарай қашты", - дейді Facebook желісіндегі "Интересная жизнь Астаны" парақшасының пайдаланушысы.
Куәгердің сөзінше, ол бірден полиция мен медицина қызметкерлеріне хабар берген. Айқай-шуды естіген көрші үйлердің тұрғындары да шыға бастаған.
"Адамдар зардап шеккен соң полиция мен жедел жәрдемді шақырып жаттым. Алайда бірер минуттан кейін жаралыларды көлікке тиеп, айдап кеткенін көрдім.
Қарама-қарсы тұратын үйлердің адамдарды да шуды естіген соң шыға бастады. Полиция келген кезде жолда қанның іздері ғана қалды", - деп жазды келіншек.