Қытайда болған жер сілкінісі Алматы облысының тұрғындарына сезілді
Главные вкладки
Қытай аумағында болған жер сілкінісі Алматы облысы Кетпен ауылында сезілді. Бұл туралы "Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция" хабарлайды.
Жерасты дүмпулері 2 шілде 07 сағат 15 минут 43 секундта тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында, Алматыдан шығысқа қарай 378 шақырым жерде орналасты.
"Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11.8. Магнитудасы MPV 4.3. Тереңдігі – 10 шақырым. Сезілуі туралы мәлімет (МSК-64 шкаласы бойынша): Кетпен ауылы – 2 балл", - делінген хабарламада.
Бұған дейін қазақстандық сейсмологтар Қытай аумағында тағы бір жер сілкінісін тіркеді, бірақ ол Қазақстан аумағында сезілген жоқ.
СТӘЭ мәліметінше, жерасты дүмпулері 06 сағат 28 минут 56 секундта тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 360 шақырымда орналасты. Энергетикалық класы 10.3. Магнитудасы MPV 4.2.