Қытайға мамонт тістерін алып өтпек болды

Главные вкладки

окт 13, 2021 / 0 комментарии

Нұр-Сұлтанда құнды заттар контрабандасы тоқтатылды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Агенттік департаменті Ресей Федерациясының азаматына қатысты құнды заттар контрабандасымен айналысты деген күдікпен тергеу басталғанын хабарлады.

«Ресей Федерациясының азаматы Нұр-Сұлтан қаласының халықаралық әуежайы арқылы Қытай Халық Республикасына жалпы салмағы 2 мың килограмнан астам мамонт тісі мен мүйізтұмсық мүйізін заңсыз алып өтпек болғаны анықталды», — делінген министрліктің хабарламасында.

Департамент тауар жіберуші Мәскеуде жауапкершілігі шектеулі серіктестік директоры екенін айтты.
«Палеонтологиялық материалды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және одан әрі Нұр-Сұлтан қаласынан ҚХР-ге жібергісі келген Ресей Федерациясының азаматы, ЖШС директорының ісі тіркелді.

Сарапшылардың қорытындысы бойынша барлық заттың шамамен құны 173 миллион теңге болады. 2021 жылы 1 қазанда күдікті сот рұқсатымен ұсталып, қамауға алынды. Басқа ақпарат тергеуге байланысты жария етілмейді», — делінген хабарламада.