"Құны – бір жолаушыға 125 мың доллар": Америкалық компания ғарышқа ұшуға тапсырыс қабылдауды бастады
Главные вкладки
2024 жылы Space Perspective компаниясының Neptune One ғарыш кемесімен алғаш рет ғарышқа саяхаттап баруға болады. Туристерге арнайы дайындық қажет емес деп хабарлайды Turizm.ru.
Басылымның дерегіне сүйенсек, ұшу құны – бір жолаушыға 125 мың доллар. Оған қоса, "жазылу" үшін 1000 АҚШ доллары көлемінде депозит салуыңыз керек.
Алты сағаттық саяхат үлкен шардың, яғни футбол стадионының көлеміндей "Нептун" атты ғарыш кемесіне тіркелген капсулада өтеді. Жұмсақ ортопедиялық орындықтарға жайғасқан жолаушылар ғаламшарды өз көздерімен көру үшін Жерден 30 500 км биіктікке көтеріледі.
Толық мөрленген шыны кабинаның ішінен 360 градус панорамалық көріністі тамашалауға болады. Капсула әуе кемесінің командирін санамағанда 8 туристің ұшуына арналған. Бастапқы ұшу алаңы Флоридадағы (АҚШ) Канаверал мүйісінде орналасқан, америкалық пилоттық ғарыш аппараттарының көп бөлігі осы жерден көкке көтеріледі.
Біріншіден, алып әуе шары екі сағат ішінде адамдармен бірге капсуланы 30 шақырым биіктікке көтеріп, жер атмосферасының 99%-ын төменге қалдырады. Содан кейін негізгі рейстің тағы екі сағаты бар. Әуе кемесі планетаның үстімен жүзеді, ал туристерге Жерді бақылап, фотоға, видеоға түсіру мүмкіндігі беріледі.
Айтарлықтай ерекше әсерімен тап сол уақытта әлеуметтік желіде бөліскісі келетіндер үшін капсулада тікелей трансляцияға қауіпсіз қосылуға мүмкіндік беретін Wi-Fi бар.