ҰБТ-ның бірінші күні ең жоғары балл жинаған оқушы туралы не белгілі?
Главные вкладки
Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы орта мектептің оқушысы Абзал Әбдіманап ҰБТ-да ең жоғары балл - 140-тан 138 балл жинады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Абзал Әбдіманап көпбалалы отбасында тәрбиеленген екен. Туған ауылында Ысқақов атындағы мектепте оқыған, кейін көрші ауылдағы мектепке ауысып, "Теспе" орта мектебін үздік деген бағаға аяқтаған.
Енді Абзал медициналық факультетке түскісі келеді екен."Өзіне нан табу үшін ақша табатын бала ғана барлық нәрсенің құндылығын түсінеді", - дейді Абзалдың әкесі.
Абзалдың айтуынша, ҰБТ тапсыру кезінде ешқандай проблема мен қиындық болмаған. Карантин кезінде өз бетімше онлайн дайындалдым дейді.
Айта кетейік, кеше Қазақстанда ҰБТ басталды. Карантинге байланысты ҰБТ өткізу пунктінде санитарлық талап күшейді. Биыл ұлттық бірыңғай тестілеуді 131,5 мыңнан астам адам тапсырады.