ҰБТ-ға дайындық
Главные вкладки
Жамбыл ауылындағы №2 орта мектебінде ақпан айында 11 сынып оқушыларымен жоспар бойынша ҰБТ алдындағы толқуларын, қобалжуларын сейілту мақсатында тренинг-сабақ өткізілді.
Оқушыларға әр мамандықтың өзінің жағымды әрі жағымсыз жақтары туралы мәлімет берілді. Алдын ала алынған Голланд тестінің нәтижесімен таныстырылып, балаларға дұрыс бағыт-бағдар берілді. Балалар өз ойларын ашық айтып, жан-жақта ойларын жүйелеп, өз шешімдерін нақты түйіндеді.