Ұлттық Банк коллекциялық монеталардың сатыла бастаған күнін жариялады

Главные вкладки

Feb 25, 2021 / 0 комментарии

Қазақстан Ұлттық Банкі «Космос» сериясынан – «BELKA. STRELKA», «Қазақстанның салт-дәстүрлері, ұлттық ойындары» сериясынан – «SÚNDET TOI» коллекциялық монеталарының сатылымға шығатын күнін жариялады.

«BELKA. STRELKA» монеталары – 1 наурызда, «SÚNDET TOI» – 9 наурызда сатылымға шығады. Олар әлеуметтік қашықтықты және белгіленген эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, Ұлттық Банктің аумақтық филиалдары арқылы сатылады.

Сонымен қатар «MEDEÝ» коллекциялық монеталарын сату форматы өзгергенін хабарлаймыз. Олар интернет-дүкенде, сондай-ақ Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарында сатылады.

«MEDEÝ» монеталарының сатылымға шығатын күні туралы ақпарат Қазақстан Ұлттық Банкінің ресми сайтында қосымша хабарланады.