Ұлыбританияда "алтын визаны" иеленген қазақ элиталары кімдер?
Главные вкладки
Кеше Ұлыбритания парламентінде Қазақстанның ең ықпалды адамдарының байлығы талқыланды деп хабарлайды kaskelen.kz желілік басылымы. Нақтырақ айтсақ, 2008-2015 жылдар аралығында Ұлыбритания билігі жарты миллиард фунттан астам жылжымайтын мүлкі бар қазақстандық элитаға 205 “алтын виза” берген.
Пікірталаста қазақстандық ең беделді отбасыларының барлығының дерлік есімдері аталды. Олар Нұрсұлтан Назарбаев, Дариға Назарбаева, Әлия Назарбаева, Динара Назарбаева, Болат Назарбаев, Марат Шәріпбаев, Нұрәлі Әлиев, Тимур Кулибаев, Кәрім Мәсімов, Айгүл Нұриева, Владимир Ким, Кенес Ракишев, Сауат Мынбаев, Александр Машкевич, Патох Шодиев, Булат Утемуратов, Ахметжан Есімов, Александр Клебанов және оның ұлы Яков, Нұрлан Нығматулин, Бауыржан Байбек, Марат Бекетаев, Айдана Кәрібжанова, Қайрат Сатыбалды және Самат Әбіш.
Енді Лондон өз елінде қазақстандық ақшаны жылыстатуға жол бермеу үшін қандай шаралар қолдану керектігін талқылап жатыр.
Жалпы айтқанда пікірталаста талқыланған мәселелер қазақ элитасына үлкен соққы болды және оларға кері тараптан әсері етері хақ. Толығырақ мына жерден оқыңыз.