Әйелін пышақтап өлтіріп, өзіне қол салған қостанайлықтың әрекеті жұртты шошытты
Главные вкладки
Қостанайдың қақ ортасында ер адам бұрынғы әйелін пышақтап өлтірді деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.
Қайғылы жағдай, он жетінші маусым күні Баймағамбетов көшесінде орын алған. Куәгерлердің сөзінше, қаскүнем келіншекке бірнеше рет пышақ сұғып, кейін өзін жарақаттаған. Араша түсе алмаған олар бірден полиция қызметкерлері шақыртқан. Сол жерге жеткен тәртіп сақшылары мен медбикелер жәбірленушінің дәрігерлер келгенге дейін мерт болғанын анықтады. Ал марқұмның бұрынғы күйеуі қолға түспес бұрын өз-өзіне пышақ салып үлгерген. Басылым мәліметінше, ажырасып кеткен ерлі-зайыптыларда ортақ он жастағы бала бар.
"Ерлі-зайыптылар 2016 жылы ресми түрде ажырасқан, алайда отбасыны сақтап қалу үшін бірнеше мәрте қосылған еді. 2018 жылы күдікті тұрмыстық зорлық-зомбылыққа барғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған еді. Қазір ол ауруханада жатыр. Палатаны тәулік бойы полицейлер күзетуде. Тергеу жалғасып жатыр", - Қостанай қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары Ерболат Мұртазаев.