Әкім шыршасына кімдер қатысты?
Главные вкладки
Бүгін «Апорт» моллына Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаевтың балаларға арналған шырша салтанаты өтті. Оған аудандағы мектептерден іріктелген әлеуметтік жағынан аз қамтылған, толық емес, көпбалалы отбасынан шыққан оқушылар қатысты. Бұл туралы kaskelenkz тілшісі хабарлады.
Еліміздегі ең ірі демалыс орындарының біріне саналатын моллдың фойесіне тігілген алып шырша айналасына жиналған олардың қуанышында шек болмады. Себебі, мәдениет үйінің өнерпаздары салтанат қонақтарына арнап арнайы концерттік бағдарлама ойластырып, түрлі ертегі кейіпкерлерінің образына енді.
Жаңа жылдық құттықтау сөз сөйлеген аудан басшысы балақайларға жақсылық пен бақыт тілеп, сабақта озат болуға шақырды. Сый-сияпатын тапсырып, мерейлерін өсірді. Қыстық киім мен тәтті толы дорбаны иеленген оқушылар ыстық ықыласы мен мейірімі үшін ардақты ағаларына алғыс айтып, ән шырқап, би биледі.