Өзбекстанда жоғары оқу орындары келесі аптада дәстүрлі оқу форматына оралады
Главные вкладки
Өзбекстанның жоғары оқу орындары 16 қарашадан бастап дәстүрлі оқу форматына қайта оралады. Бұл туралы Жоғары және арнайы орта білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Министрлік мәліметіне қарағанда, мұндай шешімді республикалық арнайы комиссия 12 қарашада қабылдады.
Комиссия шешіміне сәйкес, студенттер дүйсенбіден бастап жоғары оқу орындары әзірлеген дәстүрлі оқу форматы бойынша оқуды жалғастырады.
Коронавирус пандемиясына байланысты өзбек студенттерінің дені осы уақытқа дейін қашықтан оқып келді.
Бұның алдында студенттер министрліктің дәстүрлі оқу форматына қайта оралу жоспарын қолдамайтынын, қашықтан оқи бергілері келетінін айтқан.