Өрт пен судан сақ болуды ескертті

Главные вкладки

авг 05, 2019 / 0 комментарии

Қарасай аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері тұрғындарды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертуде, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі. 

Жаз айларының ыстық болуына байланысты, табиғат аясындағы демалыс аймақтарында өрт шығу қаупі басым. Сонымен қатар, рұқсат етілмеген суға шомылу аумақтарында да демалушылардың саны күрт артқан. Олардың арасында спирттік ішімдік ішетіндер де, кішкентай балалар да бар. Мұны ескерген аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары осындай демалыс аймақтарын аралап, тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтау туралы жадынама парақшаларын таратты.