《Жолдағы қабылдау 》 акциясының 《Ауладағы қабылдау 》акциясының мерзімі ұзартылғанын хабарлаймыз

Главные вкладки

янв 20, 2020 / 0 комментарии

Сарқан ауданымызда өтіп жатқан 《Жолдағы қабылдау 》 акциясының 《Ауладағы қабылдау 》акциясының мерзімі ұзартылғанын хабарлаймыз.
Аталған акция Алматы облысы бойынша 2020 жылдың 17-18 қаңтарда ұйымдастырылған болатын. Алайда, ҚР ІІМ тапсырмасына сәйкес, азаматтарды қабылдап, құқықтық кеңес беру шарасы жалғасып жатыр.
Сарқан ауданымыздың тәртіп сақшылары мен тікелей жүздесіп, көкейкесті сауалдарына жауап алғысы келетін азаматтарға әлі де кеш емес. Акция әзірге күнделікті сағат 09:00-18:00 аралығында төмендегі мекен жайда жалғасын таппақ.
1. Сарқан АПБ фронт-кеңсесі, мекен жайы: Сарқан ауданы, Сарқан қаласы, Жамбыл көшесі 42
2. 《 Nur Otan》 партиясының филиалы, мекен жайы: Сарқан ауданы, Сарқан қаласы, Тәуелсіздік көшесі 115

 https://www.instagram.com/sarkand_insta/