1 млн 890 мыңнан астам адамға несие төлемін кейінге қалдыру мүмкіндігі берілді

Главные вкладки

июн 23, 2020 / 0 комментарии

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова төтенше жағдай режимі кезінде Қазақстанда 1 млн 890 мыңнан астам азаматқа несие төлемін кейінге қалдыру мүмкіндігі берілгенін мәлімдеді, деп хабарлады ҚазАқпарат. \

«Экономикалық белсенділіктің құлдырау жағдайында агенттіктің басты міндеті – экономиканы несиелеуді қолдау және бизнес тарапынан несиелік ресурстарға қолжетімділіктің төмендеуіне жол бермеу. Төтенше жағдай кезінде агенттік қаржылық қиындыққа тап болған халық пен бизнеске қолдау көрсету үшін бірқатар шара қабылдады. 16 наурыз бен 15 маусым аралығындағы кезеңде жеке тұлғалар, ШОБ субъектілері үшін несиелер бойынша төлемдерді кейінге қалдыру мүмкіндігі берілді. Бұл кезеңде 1 млн 890 мыңнан астам адамның немесе барлық қарыз алушы жеке тұлғаның 34 пайызының төлемдері кейінге қалдырылды», - деді Мадина Әбілқасымова Үкімет отырысында. Оның айтуынша, аталған төлемдер сомасы 268 млрд теңгені құраған.
«Несиелерді қайта құрылымдауға 12 455 шағын және орта бизнес субъектісі өтініш жасады. Бұл ШОБ-тағы несие алушылардың 42,5 пайызын құрайды. Қайта құрылымдалған төлемдердің жалпы сомасы 165 млрд теңге болды», - деді ол.

Дереккөз:https://24.kz/kz/