159 науқастың жағдайы өте ауыр: Министрлік соңғы деректерді жариялады

Главные вкладки

апр 17, 2021 / 0 комментарии

17 сәуірдегі мәлімет бойынша, Қазақстанда 36 757 адам короновирус инфекциясынан (36 292 КВИ+ және 465 КВИ-) емделіп жатыр. Бұл жөнінде еліміздің Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналында жарияланды. 

Олардың ішінде 12 933 пациент стационарда, 23 824 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 641 адамның жағдайы ауыр;

• 159 пациенттің жағдайы өте ауыр;

• 107 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, соңғы деректер бойынша, Қазақстанда өткен тәулікте ПТР арқылы 2822 адамнан коронавирус анықталғаны туралы хабарлаған едік.

Сондай-ақ, Қазақстан Үкіметі жанындағы коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналында еліміздің аумақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жариялады.

2021 жылдың 17 сәуіріндегі жағдай бойынша:

«Қызыл аймақта» Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары тұр.

«Сары аймаққа» Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстары кірді.

«Жасыл аймақта» әзірге Қостанай мен Түркістан облыстары ғана тұр.