16 шаруашылық балық өсірумен айналысады
Главные вкладки
Балқаш ауданы бойынша 16 балық шаруашылығы субъектілері балық аулаумен айналысады
Аграрлы ауданымыздың негізгі саласының бірі-балық шаруашылығы болғандықтан, аудан көлемінде 16 балық шаруашылық субъектілері балық аулаумен тұрақты түрде айналысады. Іле өзенінің аңғарлары мен Балқаш көлінде балық аулаудың қыр-сырын жетік меңгерген балықшылар қауымына «2020 жылдың 1 шілдесі мен 2021 жылдың 1 шілдесі аралығында жануарлар дүниесі объектілерін алып қою лимиттерін бекіту туралы «Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 5 маусымдағы №133 бұйрығына сәйкес 4578 тонна балық аулау көлемі бөлініп берілген. Өзен аңғары мен Көкше теңіз бетінен маржан сүзген балықшылар қауымы бүгінгі таңға дейін 2868, 5 тонна балық аулап, бюджет қоржынына 50984.0 (елу миллион тоғыз жүз сексен төрт)мың теңге құйып, меже биігінен көрінуде.
«Сүзіп алда сата бер» деген пиғылдан аулақ болған балық шаруашылықтары өзен-көлдердегі балық қорын көбейту бойынша 354294 дана балық шабақтары жіберіліп, нәтижесінде 11,414 84 (11 млн төрт жүз он төрт мың сегіз жүз қырық теңге) бюджет қорына құйылған.
Осылайша аудан көлемінде балық шаруашылығы жыл санап дамып келеді. Меже биігінен шығу жолында балықшылар қауымы танның атысынан, күннің батысына дейін су маржанын сүзуден еш жалыққан емес.