17 тамыздан бастап не өзгереді?
Главные вкладки
Еліміздегі карантин режимі 17 тамыздан бастап жеңілдетіледі.
:white_check_mark: Жұмысын бастайды:
- СОСО, сауда үйлері (бутиктер), сауда желілері, жабық базарлар;
- сұлулық салондары, шаштараз, СПА-орталықтар, косметологиялық қызмет көрсету нысандары;
-бассейні жоқ фитнес-орталықтар, моншалар мен сауналар;
- балаларға арналған түзету кабинеттері, балаларға және ересектерге білім беру орталықтары;
- мектепке дейінгі мекемелердің кезекші топтары;
- ашық ауадағы аттракциондар.
:white_check_mark: Рұқсат етіледі:
- ашық ауада жеке және топтық жаттығулар жасауға (5 адамнан аспауы керек);
- ұлттық құрама, клуб командаларының спорттық жаттығулар жасауына, (30 адамнан аспауы керек), эпидемияға қарсы және алдын алу шараларын сақтай отырып, спорт базаларында тұруға;
- қоғамдық көлік қозғалысына.
:negative_squared_cross_mark: Салынған тыйым сақталады:
- ойын-сауық, спорттық, отбасылық, еске алу, салтанатты және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге, әсіресе үйде өткізуге;
- бар, түнгі және ойын клубтарының, караоке, фудкорттардың, кинотеатрлар және балалар мен ересектерге арналған өзге де ойын-сауық орындарының жұмысына;
- мәдениет объектілерінің, мұражай қызметіне, конференция, көрме, форум өткізуге;
- бассейн, қалалық және қоғамдық жағажайлардың, ашық аквапарктердің жұмысына;
- діни нысандардың жұмысына;
- қала маңындағы жолаушылар поездарының/электр пойыздарының қозғалысына, қалааралық автобустарды/шағын автобустарды қоспағанда, жалпы вагондарды құруға.
:exclamation:Демалыс күндері шектеу шаралары сақталады.