2019 жылы Қарасай ауданында не тындырылды?

Главные вкладки

Feb 04, 2020 / 0 комментарии

Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаев тұрғындар алдында қорытынды есепті жиынын өткізді. Есепке Алматы облысының әкімі Амандық Баталов пен Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Қуаныш Асылов қатысты.
Ауданның 2019 жылдағы жетістіктері (аудан әкімінің баяндамасынан):
- 184,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
- Аудандағы шағын және орта бизнестегі 14 629 субъект бюджетке 16 млрд. 111 млн. теңге түсім әкелген.
- Негізгі капиталға 124,0 млрд.теңге инвестиция тартылды.
- «7-20-25» және «Бақытты отбасы» бағдарламаларымен 206 отбасы үйлі болды.
- Соңғы 5 жылда Қарасай ауданында 10 200 орынға арналған 7 мектеп пен 10 жапсаржай салынды.
- Қаскелең топтық су құбырының I-кезеңі аяқталды, соның арқасында 58 мың тұрғыны бар Қаскелең қаласы ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз етіледі.


Толығырақ Алматы облысы әкімдігінің Zhetysu.gov.kz сайтынан оқи аласыз.