22 жастағы бойжеткен алаяқтықпен айналысқан
Главные вкладки
Банкте стажер болып жұмыс істеген 22 жастағы бойжеткен клиенттердің деректеріне қол жеткізіп, олардың есеп шоттарынан ақша алған деп хабарлайды kaskelen.kz желілік басылымы.
Полиция "Алаяқтық" бабы бойынша іс қозғады.
«Оның функционалдық міндеттеріне клиенттердің смартфондарына мобильді қосымшаны орнату және олардың банк карталарын ресурсқа қосуға көмектесу кірді. Кейбір жағдайларда қаскүнем клиенттің камерасы бейне тексеруді қолдамайтынын алға тартып, өз смартфоны арқылы жеке аккаунттар ашқан. Бұл баптау кезінде азамат И-ге пайдаланушылардың жеке деректеріне скриншот жасауға мүмкіндік берді. Содан кейін клиенттердің жеке деректері мен құпия сөзін пайдаланып, өтінішке кіріп, олардың есеп шоттарынан қаражатты шешіп алған», – дейді Алматы қалалық криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.