36 градусқа дейін жылынады: Синоптиктер алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды

Главные вкладки

апр 26, 2021 / 0 комментарии

Қазақстандық метеорологтар алдағы үш тәулік ішінде, яғни 27-29 сәуір аралығында елдегі ауа райы қандай болатынын болжады. 

Синоптиктердің мәліметінше, аптаның басында атлантикалық циклон Қазақстан аумағына әсер етеді, соған байланысты ауа температурасы 15-26 градусқа дейін, ал оңтүстікте 28-36 градусқа дейін көтеріледі.

Аптаның соңына қарай солтүстік-батыс антициклон республика аумағына әсер етіп, салдарынан ауа райы күрт салқындайды:

Мәселен еліміздің солтүстігінде түнде -3-5 градус салқын болса, ал күндіз 8-15 градусқа дейін жылынуы ықтимал.

Оңтүстік өңірлерде күндіз ауа температурасы 20-28 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.

Сонымен қатар таяу күндері оңтүстік аймақтарда найзағай ойнап, солтүстік өңірлерде қар аралас жаңбыр, бұршақ жауып, қатты жел тұруы ықтимал.

Қазгидрометтің ресми сайтында хабарланғандай, ертең Алматы қаласында күн бұлтты болады, термометр бағанасы күндіз 24-26 градусты, түнде 10-12 градусты көрсетеді. Нұр-Сұлтан қаласында ертең күн күркірейді деген болжам бар. Күндіз ауа температурасы 20-22 градус жылы болса, түнде 8-10 градус нөлден жоғары болмақ. 27 сәуірде Шымкентте ауа райы жауын-шашынсыз, күн ашық болады деп күтілуде. Күндіз ауа температурасы 28-30 градусқа дейін көтерілсе, түнде 10-12 градус шамасында болады деп болжайды синоптиктер.