5 есірткі зертханасын құрған: Қарағандыда ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды
Главные вкладки
Қарағанды полицейлері трансұлттық қылмыстық топтың жолын кесті деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Есірткі заттарының заңсыз айналымымен айналысатын тұлғаларды анықтау және ұстау мақсатында Қарағанды облысы Полиция департаментінің басшылығы арнайы жедел-тергеу тобын құрды. Олардың жұмысының нәтижелері бойынша ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің көмегімен Қазақстан Республикасының 5 облысының аумағында жұмыс істейтін 5 есірткі зертханасын құруға қатысы бар 10-нан астам адам ұсталды.