5-ші және 9-шы сынып оқушылары бір кабинетте білім алуда
Главные вкладки
Алматы облысында бесінші және тоғызыншы сыныпта оқитын оқушылар бір кабинетте білім алып жүр. Арасын шкафпен бөліп қойып, екі мұғалім сабақ беретін сыныптың бірі математика, екіншісі информатиканы оқи береді екен.
Мектеп басшысы, «мұны да проблема қылып отыра берем бе?» деп өзі айтпақшы мектеп тапшылығы мәселесін шешудің «жаңа әдісін» ойлап тауыпты. Ал, ауылында мектебі жоқ балалар дәл осылай иін тіресе, үйлеріне қайтады. Тіпті, ата-аналар автобуста балалар аяғын сындырып, төбелес болды деп бүгін наразылыққа шықты.
РӘБИҒА КӨШМАҒАМБЕТОВА, Саяжай тұрғыны:
– Телевидение келеді дегесің, автобусты әдейілеп, саяжайға түстен кейін оқитын балаларға сабақ болмайды деді. Солярка жоқ деп өтірікті соғып отыр.
Таңнан жиналған ата-аналар, балалардың бір автобусқа топтаса, сығылысып, әрең сиятынын бізге көрсеткісі келгенімен, ел жиналған орынға автобус келмеді. Алматы облысы, Іле ауданы аумағында орналасқан Мерей саяжайы тұрғындарының мектеп мәселесін көтеріп жүргеніне көп болған. «Мектеп керек» деп 800-дей баланың ата-анасының бармаған жері, ашпаған есігі қалмапты. Соңғы күндері «бір оқушының аяғы сыныпты, қыздар төбелесіпті» деген ақпарат тарағалы алаң көңілдері күшейген.
ҰЛДАЙ АРЗИЕВА, Саяжай тұрғыны:
– 48 мектебінде оқушы қыздар төбелесіп, біреуінің аяғын сындырып, автобуста болған жағдай.
БЕКСҰЛУ ҚАЛЖАНОВА, Саяжай тұрғыны:
– Ең басты проблема автобус. Төрт автобус бар, төртеуінің тәртібі керек. Шулап, соғылып келеді. Саяжайдың топ баласы Екпенді ауылындағы осы №2 мектепке келеді. 464 балаға арналған мектепте 1200-дей оқушы оқиды. Сыныпқа сыймағаны — дәл осылай жас ерекшелігіне қарамастан, бір бөлмеде бірі, яғни тоғызыншы сынып басқа пән, үшінші сынып басқа пәндерін оқып отыра береді екен. Дене қызуын өлшейтін заманауи құрылғыдан бастап, музыкалық орталық, телевизор, компьютерге дейін бар, ескі дивандардың өзін өз күшімізбен жаңалап алдық деп мектебін мақтана таныстырған білім мекемесінің басшысы, 19 кабинетті ортасынан бөлетін материалға демеуші іздеп жатырмыз. Қандай тәсіл екенін сол күйі түсінбедік, бірақ екі сыныптың балалары бір кабинетте отырып, бір-бірін естімейтіндей, кедергі келтірмейтіндеі бір тәсілмен оқытамыз, — деді.
ЖАҚСЫГҮЛ ЕҢСЕПОВА, №2 мектеп директорының міндетін атқарушы:
– Кіріктірілген сабақ болады. 153 түрі бар. Мына оқушылар ана оқушыларға кедергі келтірмеу мақсатында. Осыны проблема қылып, сонда менің міндетім қайда, менің жауапкершілігім қайда, мәселеден шығуға іс әрекет жасауым керек.
Мектеп басшысы, ешқандай оқушымыз жарақат алған жоқ, қыздар төбелескен жоқ, ал, автобусқа таңертеңгі уақытта 25 оқушы отырып, емін-еркін келеді деді. Бірақ ата-аналар ол сөзді жоққа шығарды. Іле ауданының әкімдігі болса, осы саяжайға жақын Шабыт ықшам ауданында 1500 орындық мектеп келер жылы пайдалануға беріледі. Ал, оқушыларды тасымалдау жұмысын ұйымдастыру үшін жыл басынан 3 рет конкурс жариялағанымызбен, жеңімпаз анықталмады, деп жауап берді. Айта кету керек, жеңімпазы табылмай жатқан конкурс бойынша автобус жүргізушісінің айлығы 45 мың теңге