Алматыда саябақтар мен скверлерде кенеге қарсы зарарсыздандыру шарасы басталды. Бұл туралы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Осы шара аясында қаланың 8 ауданы бойынша 2402,54 гектар жерді алып жатқан 9 орман паркі, 136 қалалық саябақ, скверлерде өңдеу жұмыстары жүргізіледі.