Маңғыстау облысында Каспий теңізінің жағалауынан 20-ға жуық түйенің өлексесі табылды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жануарлардың өлексесі 20 сәуірде Каспий теңізі жағалауынан (Түпқараған ауданына қарасты "Көсе" деген жер, ел ішінде "Досхана қорасы" аталып кеткен жер) табылған. Мамандардың айтуынша, түйелер ерте көктемде суға батып кеткен болуы мүмкін.