Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Ұзынағаш ауылының бірнеше тұрғынына қасқырлар шабуыл жасады деп хабарлайды Хабар 24.
Телеарна таратқан ақпаратқа сәйкес, түз тағылары қонысқа алдыңғы күні кешке кірген. Шабуылдан бірінші болып 19 жастағы жігіт зардап шекті. Ол итқұстан сытылып шығып, үйін паналап үлгерген.