Қазақстанда ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Синоптиктердің болжамына сәйкес, 15 маусымда Қазақстанның басым бөлігінде өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнап, жел күшейеді. Елдің оңтүстігінің жекелеген аудандарында шаңды дауыл тұрады.