COVID-19: Бразилия қайтыс болғандар саны бойынша әлемде бірінші орынға шығуы мүмкін

Главные вкладки

июн 20, 2020 / 0 комментарии

Бразилияда соңғы бір тәулікте 35 мыңдай адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24». Жалпы бұл елде науқастардың саны бір миллионға тақап қалды. Індеттен 46 мыңнан астам адам көз жұмды. Мамандардың айтуынша, қазіргі кезде Бразилия коронавирус індеті ең өршіген елге айналған.

 Шілде айында бұл мемлекет қайтыс болғандар саны бойынша әлемде бірінші орынға шығуы мүмкін. Вашингтон университеті жанындағы Денсаулық көрсеткіштері институты осындай болжам жасап отыр.

Дереккөз:https://24.kz/kz/