COVID-19 вирусы бар адам бір рет түшкірсе, айналасына 3 мыңға жуық вирус тамшысын шашып кетеді
Главные вкладки
BBC Future мақаласының деректері:
Бойында COVID-19 вирусы бар адам бір рет түшкірсе, айналасына 3 мыңға жуық вирус тамшысын шашып кетеді.
Ол тамшылар маңайындағы адамдарға, заттарға, киім-кешекке барып қонады. Вирустың шағын бөлігі ауада қалады.
Вирустың нәжісте ұзағырақ сақталатынын айғақтайтын дәлелдер бар. Сондықтан дәретханада қолын дұрыс жумаған адам қолы тиген жердің бәріне вирус қалдырып кетуі мүмкін.
Бұдан бұрын ашылған Sars және Mers сияқты коронавирустар металл, шыны және пластик заттарда 9 күнге дейін тұратыны анықталған. Төмен температурада кейбіреуі 28 күнге дейін сақталған.
АҚШ Ұлттық денсаулық сақтау институты вирусологтарының жаңа зерттеуі бойынша, жөтелден соң ауада қалған вирус тамшылары 30 минутқа дейін тірі болған. Адам шашынан 30 есе жұқа вирустар ауада бірнеше сағатқа дейін тұра береді.
Вирус есік тұтқаларында, пластик және ламинат заттарда 24 сағатқа дейін тұруы мүмкін.
Заттардағы вирусты 62-71% спиртті тазалағышпен не 0,5% пероксидті ағартқышпен бір минуттың ішінде өлтіруге болады.
SARS коронавирусы Цельсий бойынша 56 градус температура өледі.
Вирустың киімде қанша уақыт тұратыны белгісіз. Бірақ оның табиғи матадан тез ұшып кететіні анықталған.