COVID-19: қарасайлық дәрігерлер жатақханада жатып жұмыс істейді
Главные вкладки
Қарасай аудандық орталық ауруханасының дәрігерлері үйге қайтпай, казармалық режимде жұмыс жасайды, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі.
Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 13 сәуірдегі №6 қаулысына енгізілген толықтырулар мен өзгерістерге байланысты, жергілікті атқарушы органдарға медицина қызметкерлерін, отбасынан оқшаулап, тазалық және демалыс үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, стационардан тыс (қонақ үйлер, санаторийлер және т.б.) тұруын, тамақтануын қамтамасыз ету тапсырылды.
Тақырыпқа тұздық: 19 сәуірде Қаскелең қаласының тұрғындары дүрлікті. Таңертеңнен Қаскелең мәдениет колледжінің жанында тұратын халықтан редакциямызға ондаған қоңырау келіп түсті. Олар аталған колледж жатақханасына коронавируспен ауырғандармен байланыста болғандарды әкеп жатқызады деп үрейленді.
Тұрғындар арасында жаппай дүрбелең туғызбау мақсатында қолымызға келіп түскен материалдарды пабликтерімізге жарияламадық. Дегенмен, облыс әкімінің баспасөз хатшысына және аудан әкімінің орынбасарына жағдайды хабарлап айттық. Түске таман қала әкімі А.Мұқашев оқиға орнына барып, жағдайды түсіндірді.
Әкім мұнда ауырғандарды және олармен байланыста болғандарды әкелмейді деп көпшілікке сөз берді!