"Kaskelenkz" оқырмандары 50 мың болды!
Главные вкладки
"Kaskelenkz" ақпараттық-аналитикалық порталының инстаграм-парақшасындағы оқырман саны бүгін 50 000-ға жетті!
Осыдан екі жыл бұрын жұмысын белсенді түрде бастаған медиа-жоба бүгінгі күні жақсы жетістіктерге қол жеткізіп отыр. Халық пен билік арасындағы "алтын көпір" іспетті болған инстапарақшада Қарасай ауданының күнделікті тыныс-тіршілігіне қатысты жаңалықтардан бөлек, шешімін таппай жатқан өзекті проблемалар да үнемі қозғалады.
Бүгінгі таңда Kaskelenkz-тің ақпараттық сайты, ютуб арнасы және инстапарақшасы - қарасайлықтарды ғана емес, республика көлеміндегі оқырмандарды біріктіретін алаңға айналды.
Медиа-жоба командасы кездесіп жатқан қиындықтарға қарамастан, алған бағытынан таймай, алдағы уақытта да халық игілігі үшін қызметін жалғастырады!
KASKELENKZ нағыз - ХАЛЫҚ МЕДИАСЫ!
KASKELENKZ - АҚИҚАТ АЛАҢЫ!