Kaskelenkz танымал блогерге көмектесті

Главные вкладки

апр 29, 2019 / 0 комментарии

Талғар қаласының тұрғыны Серік Тлеулесов әлеуметтік желі арқылы кең танымалдыққа ие болды. «Суперпапа» атағын иеленген ол өзін отбасылық блогер ретінде жақсы таныта білді. Қазір 350 мыңдай тұрақты тоқырманы бар ол әсіресе, инстаграм желісінде бала тәрбиесі, бір шаңырақ астындағы әйелі мен күйеуінің ара-қатынасы жайлы ой бөліседі, түрлі бейнероликтер түсіреді.

Жақында Серік Kaskelenkz-ке арнайы хабарласып, көмек сұрады.

Қысқаша айта кетсек, Серік әкесін көрмеген. Ол ана құрсағында жатқанда қаза тапқан. Енді жылдар өте келе, блогер әкесінің Мэлс атты жан досын іздеуде. Қолында бар мәліметтерге қарағанда, іздеп жүрген адамы 1985 жылдары Қаскелең қаласында тұрған. Осылайша, көне суретін көрсетіп, Қаскелеңдегі ең ірі паблик арқылы «суперпапа» Мэлс ағаны танитындардың хабарласуын өтінген.

Бұл өтініш Kaskelenkz-ке жариялана салысымен, пікір қалдырушылар блогерге көмектесуге белсене кірісті. Нәтижесінде, бір инста-қолданушы оның Қарғалы кентінде тұратынын айтты. Тіпті, телефон нөмірі де табылды. Осылайша, "суперпапа" әкесінің досын тез тапты. Яғни, Kaskelenkz өз танымалдығы арқылы тағы бір игі іске ұйытқы болды.