"Судың тазалығына кім жауап береді?": Ауызсудан құрт шығып жатыр

Главные вкладки

июн 14, 2021 / 0 комментарии

Қарасай ауданы Қайнар ауылының тұрғыны Kaskelen.kz редакциясының Instagram парақшасына жантүршігерлік видео жолдады.

Видеода ауызсудан шыққан тірі құрт бейнеленген.Тұрғынның айтуынша ауылда суға қатысты мәселе бірінші рет болып тұрған жоқ.

Сонымен қатар видеоның авторы бұл тіршілік көзінің ештеңеге жарамайтындығын айтып, "судың тазалығына кім жауап береді ?" деген сауалды қойды.

"Қайнардың суы.Ішетін суымызда мынандай әппақ құрттар жүр, жыбырлап.Одан қалса сумен араласып қоқым ағады, екі-үш күн сайын тазлап отыру керек"- деп ренішін білдірді ол.

Естеріңізге сала кетсек, ауызсуына қатысты мәселе Қарасай ауданының Шалқар ауылында да болған болатын.Тұрғындар судың топырақпен араласып ағып жатқанына шағымданғанын айтқан едік.Ал билік өкілдері мұны су құбырларында болып жатқан жөндеумен байланыстырғанымен, Шалқар ауылында ауыз су мәселесі әлі күнге дейін өз шешімін тапқан жоқ.