Мемлекеттік қызметерлер арасында аудандық пікірсайыс турнирі өтті
Главные вкладки
Ағымдағы жылдың 14 маусым күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті және Қарасай ауданы Әкімдігімен бірлесе отырып ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және 23 – маусым Мемлекеттік қызметші күніне орай карантиндік шараларды сақтай отырып, мемлекеттік қызметшілер арасында аудандық пікір-сайыс ойыны ұйымдастырылды.
Қарасай ауданының әкімінің айтуы бойынша, аталған турнирдың мақсаты:
- Мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру;
- Мемлекеттік қызметкерлер арасында зияткелікті, ізденімпаздықты, жаңашылдықты, жауапкершілікті, ұйымдастырушылық пен шешендік қабілетті арттыра отырып, ұжымдық бірлестікті қалыптастыру;
- Жастардың саяси белсенділігін арттырып, олардың арасында көшбасшылық қасиеттерін дамыту.