Жамбыл облысында 26 жастағы жігіт туған ағасын таспен ұрып өлтірді

Главные вкладки

июл 01, 2021 / 0 комментарии

Жамбыл облысы Талас ауданында қайғылы жағдай орын алды. 26 жастағы ер адам өзінің туған ағасын таспен ұрып өлірген 

Ведомствоның мәліметінше, Талас аудандық полиция бөліміне Қаратау қаласының тұрғыны қоңырау шалып, үйдің ауласында күйеуі мен оның туысының төбелесіп жатқанын хабарлаған. Ер адамдардың бірі ауыр жарақат алып, аудандық ауруханада көз жұмған. Полицейлер "Кісі өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастап, күдіктіні ұстады.

"Жәбірленушінің үйіне бұрын араздасып қалған туыс інісі келіп, жанжал шығарған. Оның соңы төбелеске ұласқан, осы кезде күдікті тас алып, жәбірленушінің басына бірнеше ауыр соққы жасап, оқиға болған жерден бой тасалаған", – деді Жамбыл облысы ПД тергеу басқармасының бастығы Әбсамат Бекмұхамбетов. 

Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, 1995 жылы туған күдікті алкоголь мен каннабиноидтың әсерінен мас болған. Ол өз қылмысын толық мойындады. Күдікті қазір уақытша ұстау изоляторында отыр. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Еске сала кетейік, бұған дейін Түркістан облысында ер адам өз бауырының ауласына өрт қойғанын жазған едік. Анықталғандай, ағайындылардың арасында шөп үшін жанжал туындаған. Осыдан кейін ер адам ағасының ауласындағы шөпті жағып жіберген. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 202-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.