Халық әкімін танымайтындығын айтты
Главные вкладки
Тұрғындарының көпшілігі өздері тұратын аудан мен елді мекен әкімін танымайды. Бұл Kaskelenkz тілшілері жүргізген кезекті сауалнама барысында белгілі болды.
Сауалнама жұртшылық көп шоғырланатын аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының алдында және автобекет маңында жүргізілді.
«Сіз аудан әкімін танисыз ба?» деген сауалға оннан астам адамның тек біреуі ғана «танимын» деп жауап берді. Ал, Қаскелең қаласының әкімін ешкім танымайтын болып шықты.
«Бұған не себеп? Бәлкім, Сіз өзіңіз қызығушылық танытпайсыз? Әлде Сізге олар туралы ақпарат жетпей ме?» деген де сауал қойылды. Тұрғындардың бірі ақпарат жүйелі жеткізілмейтінін айтса, екіншісі әкімдердің халық ортасында жиі пайда болмайтынын, жақын қарым-қатынас жоқтығын алға тартты.
Жалпы, айта кету керек, Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаевтың да, Қаскелең қаласының әкімі Асқар Мұқашевтің де әлеуметтік парақшалары бар. Онда негізінен жұмыс барысына қатысты ресми ақпараттар жүйелі жарияланатынын жоққа шығаруға болмайды. Дегенмен, халық бірінші басшыны әлі де жеткілікті танымайды, тіпті, аттарын да естімегендіктерін алға тартты. Бұған не себеп? Сіз де өз ойыңызды пікір қалдыру арқылы білдіре аласыз.
Сауалнаманың бейне нұсқасын Kaskelenkz ютуб арнасындағы жаңалықтар топтамасынан көруге болады.