Алматыда қоймалар өртенді
Главные вкладки
Бүгін таңертең Алматыдағы Жетісу ауданында ірі өрт болды. Ішінде тауар бар қоймалар өртенген деп хабарлайды Kaskelen.kz.
Ведомствоның мәліметінше, 101 пультіне 04:44-те Солтүстік айналма тас жолы ауданында орналасқан қоймалар өртенгені жайлы хабар түскен. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері бірден оқиға орнына аттанған.
"Келген соң 5 минуттан кейін ішінде тауар бар қоймалар өртеніп жатқаны анықталды. Жалынның басқа қоймаларға ауысу қаупі болды. Тез арада өрт гидрантына автоцистерналар орнатылып, судың тоқтаусыз берілуі қамтамасыз етілді. Өртті сөндіру үшін авиация тартылды", - дейді ТДЖ. Өрт 7:44-те сөндірілген
Ведомствоның мәліметінше, оқиға орнында ТЖД 81 қызметкері мен 24 бірлік техника жұмыс істеген. Сондай-ақ, қаланың басқа да қызметтері жұмылдырылған.