Өзбекстанда туған қазақ боксшысы Токио Олимпиадасын жеңіспен бастады
Главные вкладки
Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Сәкен Бибосынов Токиодағы Олимпиада ойындарын сәтті бастады деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Бірінші айналымда Пуэрт-Рико өкілі Янькель Ривера Фигероамен кездескен Сәкен Бибосынов тартысты жекпе-жекті өз пайдасына шеше алды. Бірінші және екінші раундта қарсыласқа біраз ұпай беріп қойған Сәкен үшінші раундта жиналып, қарсыласын үйге қайтарды.
Айта кетелік, Сәкен Бибосынов 52 келі салмақта жұдырықтасады. Ол 2019 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері. Токио Олимпиадасына жолдама беретін лицензиялық турнирде ол олимпиада жолдамасына ең соңғы болып қол жеткізген. Бұл Токиодағы қазақстандық боксшылардың үшінші жеңісі. Ойын басталғаны бері Қазақстан сапынан екі боксшы жұдырықтасты. 57 келідегі Серік Теміржанов та, 63 келідегі Зәкір Сафиуллин де жеңіске жеткен болатын.