Павлодар облысында қос азаматтығы бар ер адам елден шығарылды
Главные вкладки
“Мигрант” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Ертіс ауданының полицейлері осы жылдың маусым айында Ресей Федерациясының азаматтығын алған 59 жастағы Қазақстан Республикасының азаматын анықтады. Белгілі болғандай, ер адам ҚР-нан тыс жерлерге шығуға арналған құжаттарды рәсімдемеген.
– Ресей Федерациясы азаматының паспортын алғаннан кейін ер адам республика аумағына келді. Бұл ретте ҚР “Азаматтық туралы” Заңының 21-бабына сәйкес, ол ішкі істер органдарына 30 күн ішінде шетел азаматтығын алғаны туралы хабарлауы тиіс еді. Полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасының азаматтық туралы талаптарын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғады, материал сотқа жіберілді, – деп хабарлады Павлодар облысы Ертіс аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Серік Үсенов.
Сот қаулысымен Ресей Федерациясының азаматы құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарылды.