Қаржы пирамидасын құрып, оны басқарған Азимжан Саидбаевты полиция іздеуде
Главные вкладки
Алматы полициясы Азимжан Саидбаевқа іздеу салды деп хабарлайды kaskelen.kz желілік басылымы.
Қаржы пирамидасын құрып, оны басқарған күдіктілердің бірі Азимжан Саидбаевты полиция іздеуде.
Алматы полициясы 217-бабының 3-бөлігінің 2-тармағы «Қаржылық «инвестициялық» пирамиданы құру және басқару» бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен Қырғызстанның тумасы, 1986 жылы туған Азимжан Саидбаевқа іздеу жарияланғанын хабарлады.
Кімде-кім оның қайда екені туралы ақпаратты мына телефондар арқылы хабарлауын сұрайды: +7 701 758 67 60, +7 708 683 94 33 және +7 (727) 254 43 51