Экс-депутат Дариға Назарбаеваның орнына Саясат Нұрбек мәжіліс депутаты болды
Главные вкладки
Саясат Нұрбек мәжіліс депутаты ретінде ант қабылдады деп хабарлайды kaskelen.kz желілік басылымы.
Сәрсенбі күні Дариға Назарбаеваның өтінішімен мәжіліс отырысында депутаттар оның депутаттық өкілеттілігін тоқтатуға дауыс берді. Экс-депутат мәжіліс отырысында болмады. Оның орнына Саясат Нұрбек ант беріп, өз қызметіне кірісті.
Ерлан Қошанов орталық сайлау комиссиясы Саясат Нұрбекті “Аманат” партиясының атынан мәжіліс депутаты ретінде тіркегенін айтты.
Саясат Нұрбек – саясаттанушы, қоғам қайраткері. Мемлекеттік қызметте мол тәжірибесі бар. Халықаралық бағдарламалар орталығының президенті. Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясы Мемлекеттік саясат ұлттық мектебінің директоры болып жұмыс істеді.