Экс-депутат Дариға Назарбаеваның орнына Саясат Нұрбек мәжіліс депутаты болды

Primary tabs

Нау 03, 2022 / 0 комментарии

Саясат Нұрбек мәжіліс депутаты ретінде ант қабылдады деп хабарлайды kaskelen.kz желілік басылымы.

Сәрсенбі күні Дариға Назарбаеваның өтінішімен мәжіліс отырысында депутаттар оның депутаттық өкілеттілігін тоқтатуға дауыс берді.  Экс-депутат мәжіліс отырысында болмады. Оның орнына Саясат Нұрбек ант беріп, өз қызметіне кірісті.

Ерлан Қошанов орталық сайлау комиссиясы Саясат Нұрбекті “Аманат” партиясының атынан мәжіліс депутаты ретінде тіркегенін айтты.

Саясат Нұрбек – саясаттанушы, қоғам қайраткері. Мемлекеттік қызметте мол тәжірибесі бар. Халықаралық бағдарламалар орталығының президенті. Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясы Мемлекеттік саясат ұлттық мектебінің директоры болып жұмыс істеді.