Руслан Клышев 9 жылға бас бостандығынан айырылды
Главные вкладки
Қостанайда бұрынғы сыныптасын атып өлтірген полицейге үкім шықты деп хабарлайды kaskelen.kz желілік басылымы.
Қақтығыс кезінде Ермек Омаровты аңшы мылтығымен атқан Руслан Клышев 9 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сонымен қатар, судья Сағандықова марқұмның отбасына 5 миллион теңге өтемақы төлеу туралы шешім шығарды. Еске салайық, зардап шеккен тарап 100 миллион теңге көлемінде моральдық шығынды өтеу туралы талап арыз берген.