Шетелдік менторлар Қаскелеңде дәріс беруде
Главные вкладки
Қаскелең қаласындағы С.Демирел университетінде MIT стандарттарына сай IT технологиялары саласында білім беру жобасы басталды.
Жобаның аясында 2019 жылдың 14 қаңтары мен – 1 ақпаны аралығында АҚШ-ң дүниежүзіндегі ең ірі жоғарғы оқу орнының магистрлері отандық ЖОО-ң инженерлік факультет студенттеріне арнайы шеберлік сағаттары мен оқу-жаттығу курстарын өткізеді. Оқыту процесі тегін.
-Қазақстандық студенттерді оқытуға әлемдегі белді техникалық жоғары оқу орнының менторлары келіп отыр. Ол Монғолиялық Тугсу Манлайбатор, МIT –ң 4-курс студенті және МIT магистрі - Каролин Холз. Тугсу «Машиналық оқытуға кіріспе», бойынша дәріс оқыса, Каролин заманауи дизайнның негіздері бойынша курс жүргізеді,- деп баяндады СДУ магистрі, жобаның жетекшісі Мерарслан Мералиев.
Қазіргі уақытта білім беру курстары екі санат бойынша жүргізілуде: СДУ базасында - алматылық жоғары оқу орындарының студенттері үшін, сондай-ақ Қазақстанның өзге өңірлерінің тыңдаушылары үшін онлайн түрде өтуде, олардың арасында мектеп оқушылары, білім беру мекемелерінің оқытушылары және студенттер бар. Жалпы оқыту бағдарламасы 50-ден астам тыңдаушыларды қамтиды.
Дәрістер ағылшын тілінде өтеді. Курс аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға сертификаттар беріледі.