Шетелдік менторлар Қаскелеңде дәріс беруде

Главные вкладки

янв 23, 2019 / 0 комментарии

Қаскелең қаласындағы С.Демирел университетінде  MIT стандарттарына сай IT технологиялары саласында білім беру жобасы басталды.

Жобаның аясында 2019 жылдың  14 қаңтары мен – 1 ақпаны аралығында АҚШ-ң дүниежүзіндегі ең ірі жоғарғы оқу орнының магистрлері отандық ЖОО-ң инженерлік факультет студенттеріне арнайы шеберлік сағаттары мен оқу-жаттығу курстарын өткізеді. Оқыту процесі тегін.

-Қазақстандық студенттерді оқытуға әлемдегі белді техникалық жоғары оқу орнының менторлары келіп отыр. Ол Монғолиялық Тугсу Манлайбатор,  МIT –ң 4-курс студенті және МIT магистрі - Каролин Холз. Тугсу «Машиналық оқытуға кіріспе», бойынша дәріс оқыса,  Каролин  заманауи дизайнның негіздері бойынша курс жүргізеді,- деп баяндады СДУ магистрі, жобаның жетекшісі Мерарслан Мералиев.

Қазіргі уақытта білім беру курстары екі санат бойынша жүргізілуде: СДУ базасында - алматылық жоғары оқу орындарының студенттері үшін, сондай-ақ Қазақстанның өзге  өңірлерінің тыңдаушылары үшін онлайн түрде өтуде, олардың арасында мектеп оқушылары, білім беру мекемелерінің оқытушылары және студенттер бар. Жалпы оқыту бағдарламасы 50-ден астам тыңдаушыларды қамтиды.

Дәрістер ағылшын тілінде өтеді. Курс аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға сертификаттар беріледі.