Заңсыз темір қабылдаушылар жазаға тартылды

Главные вкладки

мар 16, 2019 / 0 комментарии

Қарасай ауданында наурыз айының 14-16 аралығында «Цветмет» жедел алдын алу ісшарасы жүргізілді. Оның барысында жергілікті және әкімшілік полиция қызметкерлері аудан аумағында орналасқан темір қабылдайтын орындардың жұмысының заңдылығын тексерді.   

Аудандық әкімшілік полиция бөлімінің бастығы Ерлан Қалдыбайұлының берген мәліметіне сүйенсек, жалпы рейд барысында комиссия құрамы 23 темір қабылдау орнына барған. Олардың 12-нің құжаттары талапқа сай еместігі анықталған. Сол себепті, заңды белшеден басқандар ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы бойынша жауапкершілікке тартылған. Бұдан бөлек, ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша, яғни, көше көркіне нұқсан келтірген жарнамаларды ілгені үшін бірнеше тұлғаға қатаң ескерту жасалған.

Бір айта кетерлігі, рейд барысында тексерушілер әдеттегі қажетсіз темір сынықтарынан бөлек, көне тарихи тұлғалардың мүсіндерін де ауыр металл үйіндісінен көріп таңырқағандарын жасырмады.

Жалпы, жедел алдын алу шарасы аяқталғанымен, өз қызметтерін заңсыз жүргізушілер қай кезде де тәртіп сақшыларының қырағы назарында болатынын да естен шығармаған жөн.