Елбасы ауылға келеді
Главные вкладки
Ертең, яғни, сәуірдің екісінде Елбасы туған жері Шамалған ауылындағы «Атамекен» тарихи-мәдени өлкетану орталығына келеді деп күтілуде. Өткен аптада Нұрсұлтан Назарбаевтың Алматы қаласына келіп, жастармен жүздесіп, бірқатар жиындар өткізгені БАҚ-та жазылған болатын.
Неше күннен бері ауылда үлкен дайындық жұмыстары басталып кеткен. Бүгін бұл науқан тіптен қыза түсті. Жол бойын тазалап, жол белгілерін жаңарту шаралары аяқталып, енді ертеңгі концерттік бағдарлама пысықталуда.
Оқиға орнына келген бейне материалдар мен суреттерге қарағанда, қазірде мұнда кейбір мекеме басшылары мен мектеп директорлары жиналған. Ал, мәдениет бөлімінің қызметкерлері мен жас өнерпаздар сахналық киімдерін киіп, концерттік бағдарламаның соңғы дайындықтарын өткізіп жатыр.
Ауыл тұрғындары емін-еркін бұл шараға қатыса ала ма, әлі белгісіз. Дегенмен, Елбасының жерлестері тарихи тұлға, еліміздің Тұңғыш Президентін жақыннан көріп қалудан үмітті.