Біздің креативті білімгерлер

Главные вкладки

июн 01, 2019 / 0 комментарии

Таяуда Талдықорған қаласындағы Көксу ауылшаруашылық колледжінде «Мамандықтар әлем іне жол ашамыз» атты облыстық байқау өтті. Сол байқауда қарасайлық студенттер де жақсы өнер көрсетті, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі.

Алматы облысы бойынша 31 колледж білімгерлері бақ сынаған байқаудан Қаскелең қаласындағы «Жәрдем» медициналық колледжінің жастары да шет қалмады. Бар өнерлерін ортаға салып, білім ордасының қабырғасында үйренгендерін өз кәделеріне жарата білген олар, осылайша қазылар алқасының көңілінен шығып, «Креативті студент» номинациясын қанжығаларына байлаған.

Үш кезеңнен тұрған байқау талаптары қатысушылар үшін оңайға соқпағаны анық. Дегенмен, жарыс алаңында  Қыдырханов Ерасыл, Сагинова Көркемай және Джалгасов Нұрлан өздерін жақсы қырынан байқатқан. Әсіресе, жедел-жәрдем туралы көрсеткен сахналық көріністері көрермен жүрегіне жол тапты. Бұл ретте жетекш А. Бекееваның да үлкен еңбегін атап кеткен орынды.

Осылайша, жақсы көрсеткіштермен оралған жерлестеріміз ұжымның шексіз ілтипатына ие болған.