Қарасай ауданында ең бірінші болып коронавирус жұқтырған азаматтың жағдайы жақсы

Главные вкладки

мар 30, 2020 / 0 комментарии

21 наурызда Алматы облысында коронавирус жұқтырған бірінші жағдай хабарланған болатын. 1986 жылғы ер адам 17 наурызда Стамбул - Бішкек рейсімен Қырғызстанға ұшып барған. Ертесінде көлікпен Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласына келген еді. 

Науқас азамат бірден Қарасай аудандық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылып, қажетті емдік процедуралардан өтті. Бүгінгі өткен брифингте Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бауыржан Ысқақ қазіргі таңда қарасайлық жігіттің жағдайы жақсы екенін айтты. Жақын арада толық емдік курс аяқталған соң, ол сырқатынан құлан-таза жазылып ауруханадан шығуы мүмкін.